​Түркістанда араққа сылқия тойып алып, досын өлтіріп қойған ер кісіге сот үкімі оқылды

Теги: ,
287

Кісі өлімі ағымдағы жылдың мамыр айында болған. Түркістан қалалық полиция басқармасына қала тұрғындарының бірі көршісінің үйінде жанжал болып жатқанын айтып хабарласқан. Ақпарат алысымен оқиға болған жерге полицейлер жедел барып, жағдайды анықтаған. Жанжал болған үйден жерде жатқан орта жастағы азаматтың өлі денесі табылған.

«Тексеру барысында полицейлер кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен орта жастағы азаматты анықтап, басқармаға жеткізді. Күдіктіден жауап алу барысында оның досымен бірге спирттік ішімдік ішкені белгілі болды. Екі ер кісі бас қосу кезінде 4 шөлмек араққа сылқия тойып алып, жанжалдасқан. Салдарынан бірі екіншісінің маңдай тұсынан бірнеше рет соққы беріп, жарақат салған. Содан ауыр жарақат алған азамат ес түссіз еденге құлап, оқиға орнында тіл тартпай кеткен» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Күдікті ретінде ұсталған жігітке қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, қылмысы толық дәлелденген. Жинақталған іс материалдары сотқа жолданған. Сот 35 жастағы жігітті кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Предыдущая запись
Шымкентте жас жігіт құрылыс алаңында мерт болды
Следующая запись
Шымкент тұрғыны 1 млн тұратын алтын бұйымдарын ұрлатып алды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню