Түрмеде жазасын өтеп жатқан суретші Головкиннің портретін салды

Теги: ,
310

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №29 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан суретші Геннадий Головкиннің портретін салды. Сотталғандар осылайша қазақстандық боксшыны қолдауға шешім қабылдаған. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

«Біз сіздің барлық жекпе-жектеріңіз кезінде қасыңызда тұрғандай қатысамыз. Сіздің жеңісіңізге ешқашан күмәнданбағанбыз. Сіз біз үшін нағыз батырсыз! Жеңіс біреуден жақсы болуда емес, ол сенің жүрегіңде, халыққа және өз Отаныңа деген сүйіспеншілікте сезіледі. Геннадий, біз сізді мақтан тұтамыз! Мен өз мамандығым бойынша суретшімін. Мен өзімнің соңғы жұмысымды сіздің жекпе-жегіңізге арнадым. Онда сіздің бейнеңізді – қазақ кәсіпқой боксшысы, Олимпиада ойындарының жүлдегері, Әлем чемпионы ретінде бейнеледім», – деп атап өтті жазасын өтеуші.

Түзеу мекемесінің қызметкерлері Геннадий Головкиннің портретін кәсіби боксшының GGG атындағы Қарағанды қаласының дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне тапсырды.

«Спорт кешенінің залында Даңқ залы ашылған. Бұл – біздің кумиріміздің жетістіктер бұрышы. Мұнда біз оның әр жылдары алған грамоталарын, кубоктарын, Алғыс хаттарын жинадық. Сотталғанмен суретші салған портрет көпшіліктің ерекше қызығушылығы мен қуанышын тудырды. Суретші Геннадийдің жылы көзқарасы мен рухының күшін нақты көрсеткен. Енді бұл портрет біздің бұрышымызды толықтырады және өсіп келе жатқан ұрпақты күшті және жақсы болуға ұмтылуға шабыттандырады!» – деді GGG атындағы спорт кешенінің бас инженері Юрий Сергеев.

Предыдущая запись
Лучшие предприятия получили награду «Парыз»
Следующая запись
​План «Перехват»: в Шымкенте посетителя кафе ранили из оружия

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню