Талдықорғанда мектеп мұғаліміне дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан оқушының ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалды

Теги: ,
312

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Министр оқушыларының алдында ыңғайсыз жағдайға қалған ұстазбен телефон арқылы сөйлесіп, қолдау білдіріпті. Биология пәнінің оқытушысы білім саласында 11 жылдан бері қызмет етіп келеді.

«Өз тарапымыздан педагогтерге деген мұндай қарым-қатынасты, көзқарасты жойып, жолын кесу үшін қатаң шаралар қабылдайтынымызды ескертемін. Қоғамда мұғалімнің мәртебесі жоғары болуы керек», — деп жазған Білім және ғылым министрі.

Бұған дейін министрліктің өкілі келеңсіз жағдайға байланысты мұғалімнің полицияға арыз тастағанын айтқан еді. Оның мәлімдеуінше, оқушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды.

Айта кетейік, бұл жағдай 11-наурыз күні Алматы облысы Талдықорған қаласындағы № 4 мектепте болған. Оқушының дөрекі қылығы әлеуметтік желі қолданушыларының арасында қызу талқыланып жатыр.

Предыдущая запись
Түркістан облысы: Жетісай ауданында көптеген аулаларды қызыл су басты
Следующая запись
Дивный подземный сад

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню