​Тараздық зейнеткер 77 жастағы қарияны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Теги: ,
360

Жол-көлік оқиғасы 23 қазанда сағат 14:00 шамасында Айша бибі көшесінің бойында болған. Тапа-тал түсте 77 жастағы жаяу жүргіншіні белгісіз автокөлік соғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілген.

Белгісіз жүргізушінің автокөлігімен жол-көлік апаты орнынан кетіп қалу дерегі бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 347-бабымен істі тіркеген.

«Жедел тергеу тобы жүргізген жұмыстардың нәтижесінде қылмысқа қатысы бар «Мерседес Бенц МЛ-320» маркалы автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол облыс орталығының 72 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті кінәсын толық мойындады. Автокөлік айып тұрағына қойылды»,-деді Жамбыл обылстық Полиция департаментіндегілер.

Қазіргі уақытта аталған жол апаты бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан іс-әрекеті) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Предыдущая запись
В Казахстане цены на пассажирские авиауслуги подорожали на 20%
Следующая запись
В Шымкенте новоселье отметят около девяти тысяч семей

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню