​Тараздық журналистке шабуыл жасалды

Теги: ,
395

Таразда жергілікті журналистке шабуыл жасалды. Оқиға сағат 06:40-та Сүлейменов көшесіндегі «Жастар» аллеясында болған. Қалалық полиция бөліміне шағымданған әйел белгісіз ер адам ұялы телефоны мен қолма-қол ақшасын ұрламақ болғанын және бірнеше рет ұрғанын айтқан. Жәбірленуші қарсылық көрсете бастағанда, ол белгісіз бағытта қашып кеткен.

«Осы дерек негізінде полициейлер Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлімі, 191-бабы 2-бөлімі 1-тармағы (Тонауға оқталу, яғни жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылықты қолдана отырып, бөтеннің мүлкін ашық ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде 35 жастағы тұрғын ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде» деп атап өтті Полиция департаментіндегілер.

Ұсталған ер адам өзінің кінәсін толық мойындаған.

Предыдущая запись
Привела соседку к реке Аксу и толкнула с обрыва — стало известно, как погибла женщина, тело которой обнаружили в Аксу
Следующая запись
​Сарыағаштық жігіт банкті 12,5 млн-ға алдап соққан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню