Тараз қаласының тәртіп сақшылары «ТікТок» желісіне жол ережесін өрескел бұза отырып, видео түсіріп келгендерді ұстады. Олар мінген көлік жүргізушісін кезекті түсірілімін кезінде құрықтады.
Полицейлер мониторинг тобымен бейнебақылау жұмыстарын жүргізу барысында жол ережесін қатаң бұзған автокөлік жүргізушісі анықтаған.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына келген кезде «ВАЗ» маркалы автокөлік иесі жылдамдықты асырып, қашуға әрекеттенген. Сондай-ақ, көлік жолаушылары өз әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, интернет желісіне салып отырған.
«Автокөлік иесі жол ережесін қатаң түрде бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-тармағымен (мемлекеттік немесе міндетті техникалық бақылаудан өтпеген), 590-бабы 2-тармағымен (мемлекеттік тіркеу нөмері жоқ) және 599- бабы 2-тармағымен (бағдаршамның тыйым салатын сигналынан өту) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік арнайы айыптұраққа қойылды. Жүргізушіге 25 айлық есептік көрсеткіш, яғни 76 575 мың теңге көлемінде айыппұл салынды»,-делінген Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.