Қ. Тоқаев шаруаларды егін жинаудың аяқталуымен құттықтады

382

16 қазанда Қазақстанда Нан күні атап өтіледі. Мерекелік күн 2019 жылы Үкіметтің қаулысымен белгіленген болатын. Бұл күн нан өнімдерінің, сондай-ақ нан өндірісіне қатысы бар барлық мамандардың: нан өндірушілер, ұн тартушылар мен наубайшылардың жоғары мәртебесін нығайтуға арналған, деп хабарлайды Elitar.kz Ауылшаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл еліміз мерекеге жоғары көрсеткіштермен келіп отыр. Биыл нан өнімі бұрын белгіленген болжамды деңгейден асып түсті. Мәселен, жоспарланған 19,5 млн тонна бункерлік салмақтағы астықтың орнына бүгінде 21,7 млн тоннадан астам астық бастырылды. Сонымен қатар, 16,3 млн тоннадан астам бидай жиналды, бункерлік салмақта 14,1 млн тонна жиналады деп болжанған болатын. Мұның бәрі нан өсірушілердің қажымас еңбегінің арқасында мүмкін болды. Бүгінгі таңда қазақстандық фермерлердің астықпен отандық нарықты ғана емес, оны біздің өнімдеріміздің сапалық көрсеткіштері жоғары бағаланатын шет мемлекеттерге саудалауға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Жаппай егін жинау аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық диханшыларды құттықтап, денсаулық пен еңбектеріне табыс тіледі.

«Дихандарымыздың жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығының және қажырлы еңбегінің арқасында агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепіліне және экономикалық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды. Біз тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтардың жан жақты дамуына бірдей мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Сондықтан ауыл тұрғындарының әл- ауқатын арттырып, тұрмыс салтын жақсарту — біздің басты міндетіміз. Барша дихандарға зор денсаулық пен бақ береке тілеймін», — деді Президент құттықтау хатында.

Предыдущая запись
Токаев поздравил фермеров с окончанием уборки урожая
Следующая запись
Что делать с мусором? В этом году в мире на свалку выбросят более 5 млрд мобильных телефонов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню