477
Әлеуметтік желілерде тойлардың бірінде ұйымдастырылған ерекше ойынның видеосы пайда болды. Онда асаба ортаға бір қап қантты қойып, 25 келі қантты кім көп көтерсе, сол адам жеңімпаз болатынын айтқан. Жарысқа шыққан келіншек қант тола қапты иығына салып алып, 35 рет көтереді. Оған той қонақтары ерекше таң қалысып, қолдау білдіреді.
Видеоны көрген желі қолданушылары қазақ қызының денсаулығына алаңдады. Енді бірі асабаның бұл ойынын сынның астына алды.
«Осы асабалар да қуады», «Мазақ қылу ма?», «Бүйткен қанты құрысын, беліңді құртады ғой», «Жарайсыз, Алла күш-қуат берсін», «Қазақ қыздары батыр, керемет», «Басқа ойын ұйымдастырып та қантты беруге болатын еді» деп жазды пікір қалдырғандар.