​Тойда қарындасын қимай, еңкілдеп жылаған жігіт желіде қызу талқыға түсті

Теги: ,
389

Қыз ұзату тойында қарындасын қимастықпен шығарып салып, еңкілдеп жылаған жігіт қызу талқыға түсті. Оның видеосын ТікТок қолданушысы парақшасында бөлісті. Автордың жазуынша, ақ босаға аттағалы тұрған бойжеткен жігіттің жалғыз қарындасы.

Бейнежазбадан сыңсу айтылып, ұзатылып бара жатқан қызды көруге болады. Оның туыстары кезегімен шығарып салып, соңында туған ағасы көзіне жас алып, құшақтайды. Кейін күйеу жігіт бойжеткенді көтеріп алып кетеді.

Ағасының әрекеті желі қолданушыларын елжіретті. Енді бірі ер адамның сонша еңкілдеп жылағаны ерсі көрінетінін алға тартты.

«Бақытты болсын, қарындасын қимай егіліп тұр. Бауырмашыл екен», «Мұндай эмоциялар қалыпты жағдай ғой», «Соғысқа кетіп бара жатыр ма?», «Күйеуге тимесе, отырып қалды дейді. Тұрмысқа шықса, жылаймыз. Әйтеуір жүрген пендеміз», «Не болды сонша аңырап?», «Міне, ағаның бауырмалдылығы осы», «Бірге тумақ болғанмен, бірге жүрмек жоқ. Қиын ғой дегенмен», «Ағасының әрекеті өте орынды. Қарындасын қимай тұр» деп жазды желі қолданушылары.

Предыдущая запись
Жамбыл облысында 400-ден аса жылыжай салынады
Следующая запись
В Иране погибло 15 человек в ходе атаки на шиитскую святыню. Токаев выразил соболезнования президенту страны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню