386
Сарыағаш аудандық полициясына Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, өзінің танысы жеңілдетілген несиемен «Тойота 55» маркалы автокөлік алып беретінін айтқан. Содан 2,5 миллион теңгесін алып кеткен. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген автокөлікті де, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында күдікті ретінде жұмыссыз әйел анықталды.
«Белгілі болғандай, ол жәбірленушіні алдап, ақшасын қалтасына басқан. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеріп жатыр» деп атап өтті Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.