Қырғызстанда заңсыз жүрген бес бала Қазақстанға қайтарылды

Теги: ,
417

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бес баланы елге қайтарды. Еліміздің кәмелетке толмаған азаматтары Қырғызстанда заңсыз жүрген. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Жыл басынан бері Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қырғыз Республикасының аумағынан барлығы 5 кәмелетке толмаған баланы, соның ішінде 3 қыз және 2 ұл баланы елге қайтарды. 2011 жылы туған қыз Қырғызстанның Панфилов ауданында заңсыз болған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, баланың анасы көрші мемлекетке барып, қызын тәрбиелеуге тиісті құжаттарды ресімдемей, бейтаныс адамдарға тапсырған. Бала жақын туысының өтініші бойынша Қазақстанға қайтарылды», – деді ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

Министр орынбасарының айтуынша, сонымен ққатар 2009 және 2011 жылдары дүниеге келген әпкесі мен інісі Бішкекте болған. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдары арқылы балаларды елге қайтару қажеттілігі туралы өтініш келіп түсті. Тағы бір жағдай 2010 және 2015 жылы туған ағасы мен қарындасы Қырғыз Республикасының Ош облысының Қара-Суй ауданында болған. Балалар туыстарында заңсыз болған және олар анасының өтініші бойынша елге қайтарылды

Іс-шара барысында кәмелетке толмағанның барлығы Алматы қаласындағы балаларды қолдау орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес балаларды туыстарына беру жұмыстары аяқталды.

Предыдущая запись
​В Таиланде экс-полицейский застрелил более 30 человек в детском центре
Следующая запись
​Практически у 6 500 шымкентцев есть огнестрельное оружие

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню