​Қызылордада бюджет есебінен 25 млн жымқырған шенеуніктер сотталды

Теги: ,
317

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жүргізілген қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Аталған іс бойынша ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегі бойынша облыстық ауылшаруашылық басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды.

Агенттіктің мәліметінше, шенеуніктер бірнеше шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмай, жабдықтар қойылмай, жұмыстың толық орындалғаны туралы жалған құжат әзірлеген. Ақпаратты «Qoldau.kz» жүйесіне енгізіп, субсидия беру туралы өтінімге электронды қол қойған. Келтірілген шығын — 25 млн теңге.

Өз кезегінде кәсіпкер тұлғалар келісімшарт сомасының 10% көлемінде сыйақы үшін жалған құжат әзірлеп, қаржы жымқырған.

«Сот үкімімен облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы мен бас маманы кінәлі деп танылды. Олар мемлекеттік ұйымдарда материалдық немесе қаржы аударымына негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы жүктелетін лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасын алды» деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Предыдущая запись
​Шымкентте туберкулезге шалдыққандар саны артқан
Следующая запись
Казахстанцы почти 5 млн раз звали на помощь экстренные службы по номеру 112

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню