774
Атырауда жұмысқа орналастырып беремін деп 20-ға жуық адамды алдаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
32 жастағы атыраулық тұрғын адамдардың сеніміне кіріп, оларды сан соқтырған. Күдікті 2022 жылдың наурыз айынан бастап халықты өз арбауына түсіріп, жоғары жалақысы бар жұмысқа орналастырып беремін деп 3 миллион қаражат жымқырған.
Ол Атырау қаласынан ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.