Жолаушы ұшақтарының рейстері жиі кешігуіне байланысты тергеу амалдары басталды

Теги: ,
363

Елімізде жолаушылар тасымалдайтын ұшақтардың рейстері жиі кешугіне байланысты тергеу амалдары басталды. Бұл туралы ведомства басшысы Қайырбек Өскенбаев Telegram-каналында жазды.

Министр мәліметінше, жыл соңына дейін елімізде жалпы сыйымдылығы 2,5 мың орынды құрайтын жаңа әуе кемелері пайдалануға берілетін болады. Атап айтқанда, «SCAT» авиакомпаниясы 9 ұшақ, «Fly Arystan» – 3 және «Air Аstаnа» 2 ұшақпен толықтырылады.

Бүгінгі таңда әуе көлігіндегі жолаушылар ағынының күрт өсуі байқалады. Бұл өз кезегінде рейстердің кешігуіне әкеп соғып, отандастарымыздың наразылығын тудырып отыр.

«Орын алған мәселені жедел шешу мақсатында қазақстандық авиатасымалдаушыларға жаңа ұшақтар сатып алуды тапсырдым. Осылайша жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 2,5 мың орынды құрайтын 14 жаңа ұшақ пайдалануға берілетін болады. Аталған шаралар тасымалдау сыйымдылығын едәуір арттыра түспек», – деп жазды министр.

Әуе тасымалдарына қатысты сұраныс жылдан жылға артып келе жатқандықтан қазақстандық әуе кемелері паркі 2025 жылға дейін 51 бірлікке ұлғаяды.

«Жалпы рейстердің кешігу фактілері бойынша түсіп жатқан шағымдарды ескере келе, ИИДМ басшысының тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тиісті тергеу амалдарын бастап кетті. Егер жолаушылардың құқықтарын бұзу фактілері анықталса, тиісті авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады» делінген жазбада.

Министр дерегінше, бүгінде елімізде әуе кеңістігінде 75 ұшақ жолаушылар тасымалдайды. 2022 жылдың жарты жылында тасымалданған жолаушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға өсіп, 4,6 млн адамды құрап отыр. Пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өсім 28 пайызды құраған.

Предыдущая запись
Ақтөбеде газ құю бекетіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Следующая запись
«Очень домой надо было» — полиция задержала пьяного автоугонщика

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню