Алматы облысының Ұзынағаш ауылында жас жігіттің өліміне қатысы бар деген күдіктілерге сот санкциясымен іздеу салынады. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментіндегілер хабарлады. Іздеу жарияланған күдіктілер саны төртеу. Үшеуі – 30 жаста, біреуі 31-де.
Күдіктелір туралы мәлімет:
Қозыбаев Ғани Мұратұлы – 31 жаста, ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру) және 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша;
Асқар Жаныбекұлы Тыныштықов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіруге оқталу), 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыстар жасады деген күдік бойынша;
Серікбол Мұратбекұлы Шөкенов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Атыс қаруын қолдана отырып бұзақылық жасау) бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша;
Нұрсұлтан Бахтиярұлы Әукенов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Атыс қаруын қолдана отырып бұзақылық жасау) бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша іздестірілуде.
Осы ретте Алматы облысының полициясы іздестірілуші туралы мәліметтері бар барлық адамдарға келесі телефондар бойынша хабарлауыңызды сұрайды: +7 701 500 08 47, +7 700 200 07 88, +7 702 717 77 17, +7 707 738 78 78, +7 72770 2 26 02 немесе 102.
Еске салсақ, 4 тамыз күні Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында жастар арасындағы жаппай төбелес соңы оқ атумен аяқталған еді. Атыс кезінде жарақат алған бір адам ауруханада көз жұмды.