Көкшетау қаласында Республика күні қарсаңында қызметтік және мамандандырылған автомобильдердің кілттерін табыстау салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Elitar.kz Polisia.kz сілтеме жасай отырып .
Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен автопаркте 47 жаңа көлік пайда болды, оның ішінде 40 “Chevrolet Cobalt” маркалы автокөлігі бар. Оның 30-ы құқық қорғау органдарының негізгі буыны болып табылатын және халықпен тікелей жұмыс жүргізетін патрульдік полиция бөлімшелері мен учаскелік полиция инспекторларына арналған. Осы маркадағы тағы 10 автокөлік стандартты түрде әртүрлі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін ведомствоның жедел қызметтеріне берілетін болады. Сонымен қатар “Jac” маркалы 5 автозакты айдауыл қызметінің бөлімшелері алды. Жаңа автокөліктердің кілттері салтанатты түрде арнайы жедел әрекет ету жасағына табысталды.
Автокөліктер белгіленген стандартқа сай, қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.
Ермек Маржықпаев полиция қызметкерлеріне қызметі үшін алғысын білдірді. Өңір басшысы жергілікті атқарушы органдардың тұрақты қолдауы өңірдегі криминогендік жағдайдың жай-күйіне оң әсер ететінін атап өтті.
Өз кезегінде Полиция департаментінің басшысы Думан Таев жыл сайын полицияның материалдық-техникалық базасы жақсарып келе жатқанын, автопарк қызметтік автокөлікпен толықтырылатынын, бұл полицейлердің қызмет атқару сапасы мен жеделдігін айтарлықтай арттырып, құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсер ететінін атап өтті.
Жаңа көліктердің кілттерін тапсыру рәсімінің алдында жедел-қызметтік қызметте жоғары көрсеткіштері бар полиция қызметкерлеріне наградалар табысталды.