Ақтөбе облысында 735$ млн-ның 5 ірі жоба іске асырылмақ

151

Астанада қаласында жаһандық инвестицияға арналған дөңгелек үстел өтті. ​Іс-шараға жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнес, инвесторлар, беделді сарапшылар, салалық министрліктер, квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, отандық кәсіпорындардың 500-ден астам өкілдері қатысты, делінген Ақтөбе облысы әкімдігі таратқан баспасөз хабарламасында.

Дөңгелек үстел мен пленарлық отырыстар аясында әлемдік экономиканың дамуы, инвестициялық тартымдылық және Қазақстанның жаһандық және аймақтық инвесторлар үшін мүмкіндіктері, жаңа экономикалық жағдайдағы азық-түлік қауіпсіздігі және логистика мәселелері талқыланды.

«Ақтөбе облысы – ел үшін экономикалық және стратегиялық маңызы зор Қазақстандағы ең ірі өңір. Аймақ хром, титан, никель қоры бойынша дүние жүзінде көшбасшы. Оның аумағында көмірсутегінің болжамды қорының 30%-ы шоғырланған, өнеркәсіптік мұнай қоры республика бойынша үшінші орында. Біз таза, инновациялық және әртараптандырылған экономикалық модель ұстанып келеміз. Біздің міндетіміз – инвесторларды тарту және жан-жақты кешенді қолдау», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Ақтөбелік бизнес-қоғамдастықтың өкілдері серіктестерді іздеу, өткізу нарығын кеңейту үшін диалог алаңын тиімді пайдаланды. Шетелдік серіктестермен В2В форматында бірқатар кездесу өткізіп, әлеуетті жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Шетелдік қатысушыларды бірнеше компаниялардың қызметі ерекше қызықтырды. Олардың қатарында «Gas Processing Company» ЖШС бар. Кәсіпорын 2018 жылдың желтоқсан айында «Қожасай» кен орнында қуаттылығы жылына 300 000 000 м3 ілеспе мұнай газын кәдеге жарату бойынша заманауи зауыттың құрылысын аяқтады. EASY компаниялар тобы 2009 жылдан бастап мұнай мен суға арналған өнеркәсіптік химиялық заттарды өндірумен айналысады. Компанияға қарасты зауыт әртүрлі химиялық реагенттерді өндіруге қажетті барлық заманауи жабдықтармен жабдықталған және жылына 9 мың тоннаға дейін өнім шығарады. «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны мұнай-газ саласына қажетті өнім шығаруда әлеуеті зор. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 50 мың тоннаны құрайды.

Іс-шара қорытындысында металлургия, құрылыс, денсаулық сақтау, экология және логистика салалары бойынша 735 миллион АҚШ долларын құрайтын 5 меморандумға қол қойылды.

KGIR 2022 барысында қол жеткізілген келісімдердің қатарында мультимодальды көлік-логистикалық хаб салу жобасы бар. Хаб аймақтық көлік-логистикалық жүйенің негізгі элементіне айналады деп күтілуде. Ол барлық қатысушылардың келісілген өзара іс-қимылын, сондай-ақ көліктік, инвентарлық, сервистік, ақпараттық және қаржылық ағындарды біріктіруді қамтамасыз етеді.

Жобаның өзектілігі — облыстың көлік-логистика тұрғысынан қолайлы орналасуы, экономикалық әлеуетінің қарқынды дамуы, қалыптасып келе жатқан Ақтөбе агломерациясы және миллион тұрғыны бар қала болу жоспарына байланысты екенін айта кету керек.

Предыдущая запись
Пять крупных проектов на $735 млн намерены реализовать в Актюбинском регионе
Следующая запись
Из Костаная в Турцию: казахстанский путешественник добрался до Анкары на велосипеде

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню