Ақтаулық егіздер Қасым мен Жомарт Президенттен хат алды

192

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауда тұратын егіздер Қасым мен Жомарт туралы мақаланы оқығаннан кейін өз аттастарына хат жолдады. Ұлдардың әкесі бұл отбасы үшін күтпеген тосын сый болды дейді, Elitar.ru mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 жастағы қос жеткіншекке ел үшін қызмет етер азамат болып, биік белестерді бағындыруды тілеген.

«Айналайын Қасым мен Жомарт, сендер туралы жақында хабардар болдым. Терең білім алып, үлкен дипломат болам деп алдарыңа биік мақсат қойыпсыңдар. Бұл – мемлекет мүддесі үшін аса қажет мамандық. Мемлекетіміз, халқымыз үшін бар күшін салып қызмет ететін үлкен азамат болыңдар. Еліміздің келешегі – жастар. Сол үшін алғыр, ақылды, зерек, білімді болып өсіңдер. Өйткені бұл – зор жауапкершілік. Бүгінгі жасөспірім – ертеңгі ел иесі. Сендер қаншалықты білімді, білікті болсаңдар, еліміздің келешегі соншалықты кемел болады. Зульфия әжелеріңнің, ата-аналарыңның, елдің үмітін ақтайтындарыңа кәміл сенемін. Өздеріңдей көп тіл білуді мақсат еткен, Отанын шексіз сүйетін жастардың өсіп келе жатқанына қуаныштымын. Әрдайым осындай белсенді, талапты болыңдар. Өмірде биік белестерді бағындыруларыңа тілектеспін!»,-делінген хатта.

Мемлекет басшысынан арнайы хат алған Қасым мен Жомарттың қуанышында шек жоқ. «Олар хатты қайта-қайта оқып, алған әсерін достарына айтып тауыса алмай жатыр. Президентіміздің берген батасы қабыл болсын»,-деді егіздердің әкесі Ерлан Мәуленов.

№11 мамандандырылған физика-математика лицейінің 8-сыныбында оқитын Қасым мен Жомартты сыныптастары үш жылдан бері «Президент» деп атайды екен.

Мемлекет басшысының аттастары да мамыр айында туған. Екеуі де болашақта дипломат болуды мақсат етіп, бүгінде бірнеше шет тілін меңгеріп жүр.

Предыдущая запись
Актауские близнецы Касым и Жомарт получили письмо от президента РК
Следующая запись
Bereke-fest захватил Шымкент

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню