Алматы – Қонаев электр пойызы бағыты ашылады

454

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы және Қонаев қалалары арасында жаңа жолаушылар темір жол бағытын ашу мәселесін қарастырған болатын.

Осыған сәйкес биылғы жылдың 11 қарашасынан бастап Алматы – Қонаев пойыз бағыты ашылады.

Электр пойызы тәулігіне бір рет жүреді. Жылжымалы құрам Алматы-1 станциясынан сағат 06:44-те жөнелтіліп, Қапшағай станциясына сағат 08:35-те келеді. Ал Қапшағай станциясынан сағат 19:15-те жөнелтіліп, Алматы-1 станциясына сағат 20:50-де келеді.

Электр пойызы құрамында жалпы жолаушылар сыйымдылығы 175 орынды құрайтын 3 вагон бар. Тасымалдауды «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүзеге асырады.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы жаңа пойыз бағытын ашу туралы тапсырмасын 19 қазанда Алматы облысына жасаған сапары аясында берген болатын.

Предыдущая запись
Запустят пригородный электропоезд по маршруту Алматы – Конаев
Следующая запись
Центру Абая в Атырау от имени президента подарили автобус

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню