Атырауда Жайық өзенінің жағалауында «Мұнайшылар даңқы» аллеясы бой көтерді

238

​Каспий маңы мұнайшыларына арналған ауданы 6 300 шаршы метр аллея өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдық мерейтойы аясында ашылды, — деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тарихи тұрғыдан алғанда бұл аумақ «Ембімұнай» өндірістік бірлестігімен байланысты. Сафи Өтебаев, Бөлекбай Сағынғалиев, Жолдасқали Досмұхамбетов, Орынғазы Есқазиев және басқа да Орал-Ембі бассейні ғана емес, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарындағы көптеген кен орындарын ашқан майталман мұнайшылар еңбек жолын осы жерден бастаған.

Аллеяда мұнай мен табиғи газдың жалынын бейнелейтін тамшы үлгісіндегі сәулет-мүсіндік композиция бар. Сонымен қатар, аймақтың тарихы мен өзіндік ерекшелігін ашатын бірнеше тақырыптық композициядан тұрады. Барельефте Ембі мұнайшыларының — Социалистік Еңбек ерлері мен Мемлекеттік сыйлық лауреаттарының есімдері жазылған ескерткіш тақта орнатылған. ЕМГ кен орындарының санын көрсететін 47 колонна және аллея аумағын айрықша атмосфераға бөлейтін 100 субұрқақ қаланың сәнін келтіреді.

-Атырау- мұнайлы астана мәртебесіне ие болғанына қарамастан, қалада ел экономикасына үлкен үлес қосқан мұнайшылардың еселі еңбегін айшықтайтын белгі жоқ. Сондықтан, «Ембімұнайгаз» АҚ 100 жылдығы қарсаңында бір топ ембілік мұнайшылардың өтінішін ескере отырып, осы аллеяны салу туралы шешім қабылданды. Аллея мәдени мұраның бір бөлігі ғана емес, «Ембімұнайгаздың» бай тарихын мәңгілікке қалдыратын естелік, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны болады деп сенемін,- деді «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Есен Қайыржан.

Аллеяның абаттандырылған аумағында 4 балалар ойын алаңы мен демалуға арналған орындықтар орнатылған. Сонымен қатар, жақын маңдағы тұрғын үйдің сыртқы қасбетіне жөндеу жұмысы жүргізілді.

Айта кету керек, «Ембімұнайгаз» АҚ ғасырлық тойының аясында Атырау облысында тағы да бірқатар әлеуметтік нысандар салынды. Доссор, Мақат, Мұқыр және Аққыстау кенттерінде көп салалы спорт алаңдары пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Предыдущая запись
В Атырау набережную реки Жайык украсила аллея славы нефтяников
Следующая запись
В Бразилии сторонники проигравшего выборы Болсонару парализуют движение и жгут покрышки

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню