Шымкенттің сыртқы сауда айналымы $418 млн-ды құрады

Теги: , ,
219

Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40% артық.

Шымкентте 2021 жылдың 5 айында сыртқы сауда айналымы $418 млн құраса, 2022 жылдың 5 айының алдын ала қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 584 миллион долларға жеткен. Бұл былтырғымен салыстырғанда $166 млн көп немесе 40 пайызға артқан.

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықа өткізілген брифингте Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары Ерлан Тұрысов мәлім етті.

«2022 жылдың 5 айындағы көрсеткішті былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сыртқы сауда – 40%, экспорт – 55%, импорт (ішкі тұтыну) – 28% өсті», – деді спикер.

Ерлан Тұрысовтың айтуынша, Түркия, Өзбекстан және Қытаймен сауда айналымы жалпы тауар айналымының 50% құрайды.

Сонымен қатар, 2022 жылдың 5 айында жергілікті бюджеттің өндірістік емес төлемдері 169% орындалған. Бұл былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Ал жеке тұлғалардың қарызы 29% пайызға өсті. Мұның ішінде жер мен мүлік салығы 31% қысқарды, көлік салығы бойынша көрсеткіш 55%.

Брифингте Ерлан Тұрысов қарыз көлемін азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға да тоқталды.

«Қарыз сомасын азайту жұмыстары жалғасып жатыр. Қарызы бар жеке тұлғаларға алдымен хабарлама жіберіледі. 30 жұмыс күні ішінде салықтық бұйрық шығарылады. Бұл төлем 5 жұмыс күні ішінде төленбесе, берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу үшін іс автоматты түрде жеке сот орындаушылары палатасына жіберіледі.

Қазіргі таңда қарызы бар 1 691 көлік иесі іздестіріліп жатыр. Қала аумағында орнатылған «Сергек» және «Интегра» жүйелік кешендері мен «Қорғау» қосымшасы арқылы салық төлеушілердің көліктеріне іздеу салынды,- деді спикер.

Оның айтуынша, көлік иелері туралы деректер Шымкент қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына тапсырылып, рейдтік шаралар 23 мамырда басталған. Осының нәтижесінде 35 көлік иесінен бюджетке 16,2 миллион теңгеден астам қаржы өндіріліп, 16 көлік арнайы тұраққа қойылған.

Салық берешегі туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтындағы «Электрондық үкімет, Электрондық қызметтер» бөлімінен, «Салық берешегінің бар/жоқтығы туралы ақпарат» бөлімінен және мобильді құрылғыға «е-Salyq азамат» қосымшасын орнату арқылы білуге болады.

Предыдущая запись
Внешнеторговый оборот Шымкента составил $418 млн
Следующая запись
В Туркестанской области достаточно корма для скота

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню