Қостанайдан Түркияға дейін: Қазақстандық саяхатшы Анкараға дейін велосипедпен жетті

214

​Қазақстандық велосипедші Қостанайдан Анкараға дейін 4600 шақырым жолды жүріп өтті. Ол өзінің веломарафонын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнады, деп хабарлайды Elitar.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бірнеше кітаптың авторы, журналист, спортшы, аудармашы және белсенді өмір салтын ұстанатын Ернат Мелісұлы 5 қыркүйекте – ұлы ағартушы, қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлының туған күнінде Қазақстаннан велосипедпен аттанды.

Ол 17 қазанда 4600 шақырым жолды артта қалдырып, Түркия астанасына жетті. Қостанайдан шығып, әуелі Батыс Қазақстанға аттанды. Одан кейін отандасымыз Әзербайжанға баруды жоспарлаған еді, бірақ белгісіз себептермен жабық болған шекара саяхатшының бағытын өзгертті. Тағдырдың жазуымен шуақты Грузия оның жолындағы алғашқы шет ел болды. Онда ол Кутаиси, Батуми қалаларына саяхаттады. Одан кейін велошабандоз қонақжай Түркияға бет алып, Қара теңіздегі Ризе, Трабзон, Гиресун, Орда және Самсун қалаларынан өтіп, Чорум және Кириккале қалалары арқылы Анкараға бағыт алды. Қазақстандық саяхатшы Конья, Бурса және Ыстанбұлға аттанып, веломарафонын осында аяқтамақ. Ол Ыстанбұлға 55-інші күні жетіп, барлығы 5555 шақырымды еңсермек.

Түркия астанасында қазақстандық саяхатшыны жерлестері ғана емес, жергілікті тұрғындар да ыстық ықыласпен қарсы алды. Анкара қаласының Кечиорен ауданында орналасқан қазақ ойшылы Абай Құнанбаев ескерткіші алдында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен аудан әкімдігі бірлесе отырып, саяхатшының келуіне орай салтанатты шара ұйымдастырды.

Қостанайлық велошабандоз жолда кезіктірген жұртшылыққа қазақтың біртуар ақыны Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндап берді.

Сонымен бірге, ол әлеуметтік желілерде жолда кездескен адамдардың өмірі мен салты туралы жазбалар қалдырды.

Предыдущая запись
Из Костаная в Турцию: казахстанский путешественник добрался до Анкары на велосипеде
Следующая запись
​Мақтаарал тұрғыны тапа-тал түсте көршісінің сарайына ұрлыққа түскен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню