480
Ұлыбритания королі ІІІ Карлды ұлықтау рәсімі 2023 жылдың 6 мамырында өтеді. Бұл туралы Букингем сарайының ресми сайтында мәлім етілді.
Монархты ұлықтау рәсімі Лондондағы Вестминстер аббаттығында өтеді. Шара барысында король ІІІ Карл мен оның жұбайы патшайым-консорт Камиллаға тәж кигізіледі.
Еске салайық, Ұлыбритания патшайымы II Елизавета қыркүйек айының басында 96 жасында қайтыс болды. Кейін Британия королі болып ІІ Елизаветаның ұлы ханзада Чарльз жарияланды. Таң оның қолына өткеннен кейін, өзіне III Карл есімін алды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Королі ІІІ Карлға анасы II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған еді.