Еуропаны кокаин толқыны басып қалды — Еуропол

471

​Еуропаны кокаин толқыны басып қалды: бұл туралы Europol агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz Euronews.com сайтына сілтеме жасап. Сарапшылар соңғы жылдары бұл мәселе күткеннен әлдеқайда кеңейгенін, ұйымдасқан қылмыстың байланыстары қысқарғанын, есірткі саудасы желілері барған сайын қатал, батыл әрекет ететінін мойындайды.

Колумбия әлі де есірткі өсірушілер арасында көш бастап тұр, бірақ Перу мен Боливияда көбірек плантациялар ұйымдастырылуда.

Еурополдың ресми өкілі Ян Оп Ген Орт былай дейді: «Соңғы төрт жылда тәркіленген кокаин көлемі үнемі өсіп келеді. 2021 жылы 240 тонна кокаин болды, мүмкін одан да көп. Сондықтан нарықта бұл есірткі түрі өте көп».

Еуропа елдерінің Әділет министрлері ең ірі порттарды — Роттердам, Амстердам, Антверпен және Гамбургті бақылауды күшейтуге ниетті. Елдер кемелер мен терминалдарды үйлестіру мен бақылауды күшейтеді және есірткі трафигін тоқтату үшін Латын Америкасы елдерінің құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыс көлемін арттырады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, соңғы бір-екі жыл ішінде Колумбияда коки плантацияларының ауданы 43%-ға өскен.

Предыдущая запись
Европу захлестнула волна кокаина — Европол
Следующая запись
Эрдоган предложил закрепить хиджаб в конституции Турции

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню