Португалия мен Испанияда теңізшілер мен ғалымдар косаткалармен не істеу керектігін ойлап, бас қатыруда: Пиреней жағалауларында бұл теңіз сүтқоректілерінің кішігірім кемелерге шабуылдары жиілеп кетті, деп хабарлайды Elitar.kz euronews.com-ге сілтеме жасап.
Тамыз айында жыртқыштардың бірі яхтаны суға батырып, бес адамды судан құтқаруға тура келді. Бірақ косаткалар адамдарға шабуыл жасамаған.
«Ол баяу жүзіп, ішін жоғары қаратып, рульді тұмсығымен итере бастады. Ол оны бір жағынан екінші жағына бұрды. Қайық жүзіп кетті, мен ештеңеге қол тигізбедім».
Жазда косаткалар осы жерлерге тунец балығын аулау үшін жүзіп келеді. Соңғы екі жылда шабуылдардың көп болғаны сонша, билік шағын кеме иелеріне жыртқыштар әсіресе белсенді болатын түн уақытында теңізге шықпауға кеңес береді.
Ғалымдар жыртқыштарды осылай жасауға не мәжбүр ететінін нақты айта алмай отыр. Бұл киттәріздестер арасындағы теңіз сүтқоректілерін аулайтын жалғыз жыртқыш. Бірақ бұл тұрғыда адамдар оларды мүлдем қызықтырмайды. Болжам — бұл олардың жай ғана ермек ойыны.
Тағы бір нұсқа — косаткалар кит аулаушылар кемесі деп шатастырып шабуыл жасайды: мұндай жағдайлар 70-ші жылдары байқалды.сонымен бірге ғалымдар косаткалар адамдарға, тіпті кит аулаушыларға да агрессия көрсетпейтінін атап көрсетуде: косаткалардың жабайы табиғатта адамды өлтіргені туралы бірде-бір сенімді дерек жоқ.