Түркияда туристік стоматология қарқынды дамып келеді. Мыңдаған клиенттер елге арзан бағамен мінсіз күлімсіреу үмітімен шетелден асығады, деп хабарлайды Еuronews.
Ыстамбул стоматологтар қауымдастығының президенті Берна Айтач ойынша «Америкада тіс коронкасы 600-850 доллар тұрады. Еуропада да сол баға. Түркияда инфляция өте жоғары, сондықтан пациент келсе, сол ақшаға ол демалып та алады, тістерін жа жасап қайтады», дейді.
Алайда, соңғы кезедрі шетелдік пациенттер Түркиядағы стоматологияның сапасына наразылығын білдіруде. Ұлыбританиядан келген Рида Азим Түрік тіс дәрігеріне барғаннан кейін бет-әлпеті өзгеріп, тіс протездерін киюге мәжбүр болған екен.
«Бастапқыда олар 5 имплант орнатпақ болған. Мен процедураға дайын болдым, бірақ олар мені қабылдамады. Содан кейін екі аудармашы келді. Олар маған: «енді біз сіздің барлық тістеріңізді алып тастауымыз керек және біз 16 имплант жасауымыз керек», — деді. Мен емдеуден кейін маскамды шешкенімде, күйеуім маған қарап: «олар саған не істеді? Сенің бетің түсіп кеткен» дейді Рида Азим.Түрік стоматологтар қауымдастығының өкілдері арзан материалдар арқылы қызмет бағасын төмендетуге болатындығын, алайда сапалы стоматологиялық емдеу мүмкін емес екендігін түсіндіріп бағуда.
Ыстамбул стоматологиялық орталығының жетекшісі Түркер Сандалли «Туристер арзан стоматологтарға барады, содан кейін екі-үш жылдан кейін емдеуде қолданылатын арзан қытай материалдарына байланысты олар қиындықтарға тап болады», дейді.
Статистикаға сәйкес, Түркияға жыл сайын 150 000-нан 250 000-ға дейін шетелдік пациенттер келеді.
Бұл жағдай Түркияны Венгрия, Таиланд және Дубаймен бірге Әлемдегі стоматологиялық туризмнің негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр.