Шымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкентте өткен тойдан екі автомат қаруын тәркіледі. Жедел қызметкерлер тойлардың бірінде қалыңдықты шығарып салу рәсімінен кейінгі отшашу кезінде атыс қаруы қолданылатыны туралы ақпарат алған. Оқиға орнына көрермен және жай жүрген адамдар ретінде жедел қызметкерлер тобы жіберілген.
Polisia.kz жазуынша, дереккөз ақпараты расталған. Түнгі сағат 00.00-де үйлердің бірінің жанында ауаға оқ ату кезінде полицейлер қаланың 2 тұрғынын автомат қаруымен ұстады. Олардан нөмірлері жойылған АКСУ-47 жауынгерлік автоматы және АК-74 автоматы тәркіленді. Оқиға болған жерді қарау кезінде криминалистер жиырмаға жуық атылған оқтың гильзасын тапты. Қаруды заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.