Қазақтың талантты ұлы Димаш Құдайбергенді әлемге танытқан «Опера – 2» әнін жанды дауыста орындаған бойжеткен желі қолданушыларын таң қалдырды. Оның есімі – Аружан. Кез келген өнер иесі орындай алмайтын әнді күптеген жерден шырқаған қыз бұл сәтті видеосын ТікТок парақшасында жариялады.
Оның қасына бауыры келіп, ««Опера – 2» әнін Димаш сияқты орындай аласың ба?» деп сұрайды. Сіңлісінің өтінішіне «көрейік» деп жауап берген ол керуетте отырған жерінен тұрып, әннің қайырмасын орындайды.
Видеоны көрген желі қолданушылары жас қыздың дауысына тәнті болып, үлкен сахналарда көрінуін тіледі.
«Таза дауыс, таза талант, таза орындау. Оның үстіне музыкасыз шырқап тұр. Салмақты ән додаларында бағыңды сынап көру керек екен», «Тамаша дауы иесі», «Жарайсың», «Қарындасым, саған әлем сахнасында ән орындау жазсын», «Әдемі», «Музыка болса, Аружанымыз жарып тұр ғой. Тек алға», «Мықты» деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Аружан есімді жас талант иесі бұған дейін де бірнеше танымал әндерді орындап, оның видеосын ТікТок парақшасында бөлісіп жүр.