Түркі елдері ортақ бір әліпбиге ауысуды қарастыруда

359

Түркі мемлекеттеріне ортақ бірынғай әліпби жасау туралы ұсыныс Бурсада өткен семинарда талқыланды, деп хабарлайды Түркияның Anadolu агенттігі.

Түркияның Бурса қаласында Тіл күнінің 90-жылдығы аясында өткен «Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі семинарда» Бірыңғай әліпби жасау жөнінде ұсыныс тастаған.

Семинарды Түрік тілі қоғамының (TDK) басшысы Гюрер Гүлсевин жүргізді. Оған ҰТК Ақсақалдар кеңесінің басшысы, Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырым қатысты.

Іс-шарада түркі мемлекеттерінің ғалымдары өз елінің тілі, әліпбиі және тарихи тілдік үдерістері жөнінде мағлұмат беріп, біртұтас әліпбиге көшудің маңызын айтқан.

Семинар аясында ҰТК жанынан «Бірыңғай әліпби жасау комиссиясын» құру туралы шешім қабылданды.

Комиссия құрамына түркі мемлекеттеріндегі тіл саясаты мәселелерімен айналысатын әр ресми құрылымнан екі мүшеден кіреді.

Комиссия біртұтас әліпби туралы есеп беруді ҰТК Ақсақалдар кеңесіне ұсынуы керек.

Бірыңғай әліпби жасау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы Қырғызстанда өтеді.

Алдыңғы пост
Абюзерді түзетуге бола ма?
Келесі пост
​Досының жаңа тұлпарына ерекше әдіспен көрімдік берген жігітке жұрт риза болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu