Қазақстандық жазушылардың шығармалары әлемнің танымал тілдеріне аударылады

343

Мәдениет және спорт министрлігі шетелдік баспалармен қазақстандық жазушылар мен ақындардың еңбектерін аудару және тарату бағытында келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Elitar.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қол жеткізілген уағдаластықтар туралы Франкфурт халықаралық кітап жәрмеңкесі барысында белгілі болды, оған ҚР МСМ мұрағат істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш қатысты.

Іс-шара биыл әлемнің 85 елінен мыңға жуық жазушы, ақын, драматургтерін жинаған кітап шығару әлеміндегі басты оқиғалардың бірі. Бұл ретте жәрмеңке алаңында іскерлік кездесулер, дөңгелек үстелдер, концерттер және т. б. өтеді.

«Бүгінде қазақстандық әдебиет жаһандық кеңістіктің ажырамас бір бөлігіне айналды және онда маңызды орын алады. Жазушыларымыздың арқасында әлемнің көптеген елдеріндегі азаматтардың барынша кең ауқымына біздің бай тарихымыз бен мәуелі мәдениетіміз туралы айтып берудің бірегей мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, біздің міндетіміз- классиктерімізді де, қазіргі авторларымызды да Еуропа мен Азия нарығына шығару. Сондықтан бүгін біз отандық әдебиетті әлемнің танымал тілдеріне аудару және ілгерілету бойынша жетекші баспалармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді Қуат Бораш.

Айта кетейік, жыл сайын жәрмеңкеге әлемнің 100 елінен 7 мыңға жуық баспа, 275 мыңнан астам адам қатысады, оның жұмысы аясында 4 мыңнан астам іс-шара өткізіледі.

Алдыңғы пост
ҚР ИИДМ басшысы Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриялық аймағындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысымен танысты
Келесі пост
Қазақстанда Қырғызстанның мәдениет күндері өтеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu