311
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде «мефедрон» синтетикалық психотроптық есірткісін сату және жалған ақша қаражатын өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады. Жалған ақша көлемі — 9300 АҚШ доллары. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
Сот үкімімен ұсталған азамат кінәлі деп танылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын арқалады.