350
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында үйінде заңсыз қару ұстаған жас жігіт анықталды. Бұл туралы полицияға тұрғындардың бірінен ақпарат келіп түскен.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер “CZ SCORPION” маркалы атыс қаруын тәркіледі. Жас жігіт полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды.
“Аталған жайт ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі “қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бойынша тіркелді. Күдіктінің айтуынша, ол Алматы қаласындағы “жаппай тәртіпсіздік” кезінде атыс қаруын тауып, үйдің шатырында сақтаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде” деп атап өтті Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.