Журналистерге «жынымды келтірмеңізші» деген шенеуніктің қызметі өсті

Теги: ,
395

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Серік Жұманғарин 1969 жылы 22 шілдеде дүниеге келген. 1993 жылы Мәскеу энергетикалық институтын «Жылу физикасы» мамандығы бойынша, 1997 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Халықаралық бизнес академиясында «Менеджмент» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алған. 1993 – 2004 жылдары кәсіпкерлік айналысып, кейін мемлекеттік қызметке келген. Түрлі лауазымды қызметтерді атқарған ол еңбек жолында Өңірлік даму вице-министрі, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болған.

Еске салсақ, Серік Жұманғарин осыдан үш жыл бұрын тарифтер туралы сұрақ қойған журналистерге «жынымды келтірмеңізші» деп жауап беріп, көптің қызу талқысына түскен болатын.

«Жынымды келтірмеңізші. Бұл басқа шара ғой. Не болды? Кеше Парламентте айттым тарифтер туралы. Ондай болса, өздеріңіз тұра беріңіздер. Шара шағын және орта бизнес жайлы. Ал сіздер тариф жайлы сұрайсыздар. Маған келіңіз, мен сізге тариф туралы айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші», — деді ол.

Предыдущая запись
Минтруда прокомментировало сокращение пенсионного возраста женщин
Следующая запись
Жамбылда суицид жасап көз жұмды деген сарбаздың өлімі бойынша күдікті қамалды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню