Көпбалалы әке бес қыздан кейін ұл туған әйеліне айфон мен алтын сыйлады

Теги:
716

Көпбалалы әке жұбайына ұл туып бергені үшін ерекше құрмет көрсетті. Ұлдарының 1 жасқа толған туған күніне арналған тойда ер кісі әйеліне соңғы үлгідегі айфон телефоны мен гауһар тасы бар алқа сыйлады.

«Жаңа екі анамызға (өз анасы мен енесі: атвор) сыйлығымызды сыйладық. Енді бұл кісіде де еңбек бар ғой. Әрине, бәрі Алланың қалауымен. Шын жүректен мына құшақ гүлімді сыйлаймын. Сосын он үш каратты гауһар тасы бар алтын бұйым. Одан кейін, міне тағы сыйлық»,-дейді көпбалалы әке.

Той төрінде тұрған жұбайы сыйлықты ашып, қонақтарға көрсетеді.

Асабаның айтуынша, бұл Iphone 13 Pro Мax телефоны.

Бұл сәттің видеосын ТікТок қолданушысы өз парақшасында жариялады. Оны көрген желі қолданушылары әйеліне қымбат сыйлық жасап, құрмет көрсеткен ер азаматқа риза болды.

«Бақытты болсыңыздар», «Әйелге тек мерекеде емес, күн сайын сыйлық сыйлап, құрмет көрсету керек», «Дұрыс, нағыз еркек. Сонша баланы өмірге әкелген әйелге қандай сыйлық берсе де жарасады», «Алла тіл-көзден сақтасын, аман болыңыздар! Жарайсыз, нағыз құрметті жұбайына көрсетті. Бізге де жұғысты бослын», «Алла ұзақ бақытты ғұмыр сыйласын, отбасыларыңыз аман болсын», «Нағыз еркек осындай болу керек. Бізге түк те сыйлаған жоқ», «Бізге де осындай сыйлық бұйырсын» деп жазды желі қолданушылары.

Алдыңғы пост
Қызы өз әкесінің 600 мың теңгесін ұрлап алған
Келесі пост
Шымкентте ер кісі әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu