Алаяққа сеніп қалған кәсіпкер депозитіндегі 15 млн теңгесінен айырылды

Теги:
340

Солтүсті Қазақстан облысында ауыл шаруашылық кәсіпорын басшысы интернет-алаяғына оңбай алданып қалды. Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, бизнесменге белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырған. Оның атына біреулердің ірі көлемде несие ресімдеуге әрекет жасап жатқаны туралы және бұған жол бермеу үшін барлық қаражатты «қауіпсіз шотқа» аудару қажеттігі туралы айтқан.

Оған сенген кәсіпкер өз депозитінен 15 млн теңгені алып, көрсеткен шотқа аударған. Алайда кейінірек облыс тұрғыны аяқтарға жем болғанын кеш түсінген. Айтуынша, телефонмен сөйлескен адам өзін сенімді ұстаған, кәсіби терминдерді қолдана отыра сауатты сөйлеген.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Интернет-алаяқтықты ашу кезінде көптеген қиындықтар кездеседі. Көп жағдайда желідегі алаяқтар басқа мемлекеттерде, басқа өңірлерде тұрады. Басты кеңес: «банктен қоңырау шалғандарға» сенбеу, олармен сөйлесуді тоқтату қажет. Егер де өз қаражатыңызға қатысты күмәніңіз болса, банк бөлімшесіне барыңыз. Қылмыскерлер атаған ұйымның ресми нөмірлері бойынша хабарласыңыз. Өзіңіздің құпия және қаржы мәліметтеріңізді, парольді, sms бойынша келген cvv және пин-кодты ешкімге айтпаңыздар», – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Алдыңғы пост
Сауда үйіне келген әйелдің қымбат иіссуді ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды
Келесі пост
Түркістандық кәсіпкер 150 оқушыға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алып берді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu