Түркістандық қойшы иесінің 13 бас малын сатып жіберген

Теги: ,
347

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы бақташы иесінің 7 бас сиыры мен 6 бас жылқысын сатып жіберген. Мал иесі сеніп тапсырған 13 малдың жоқтығын байқаған соң полицияға арыз түсірген. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 4 млн теңгеден астам. «Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол бұрын да сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Тексеру кезінде күдікті ер адамның 2 жылдан бері жәбірленушінің бақташысы болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол сеніп тапсырған 10-нан астам сиыр мен жылқыны сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Предыдущая запись
Пропавшего в ВКО ребенка с аутизмом нашли
Следующая запись
«Бұйрық қабылданды»: Оқушылар енді жазғы демалысқа 1 маусымда шығады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню