346
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын цехтердің жолы кесілді. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында бір топ азамат қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша 3 жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырып келгені анықталған. Олар заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқан. Жүргізілген тінту жұмыстары кезінде цех ішінен 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркалары, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба тәркіленген.
Ведомства аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.