Елімізде жыл басынан бері 1400-ден астам жемқорлық қылмысы тіркелген

Теги: ,
468

Қазақстанда биылғы 7 айда 1400-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, жемқорлық фактісімен 900-ге жуық тұлға әшкереленді. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов баяндады.

Төраға Президентке сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу жөніндегі профилактикалық және алдын алу шаралары туралы баяндады. Бұл туралы Ақорда жазды.


Олжас Бектеновтің айтуынша, аталған шаралар аясында көліктік бақылау, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті салаларындағы сыртқы талдаудың аяқталған.

Сыбайлас жемқорлық қауіптері мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастырудың өнім көлемін жоспарлаудан бастап шарт міндеттемелерін орындауға дейінгі барлық сатысында кездеседі.

Президенттің тапсырмасына сәйкес агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмысын бағалау тәсілдерін қайта қарады. Статистикалық көрсеткіштер үшін ғана жасалатын әрекеттер алынып тасталды.

Ведомствоның қызметінде бағдар ретінде сыбайлас жемқорлық қауіптерінің картасы айқындалып, оған процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілерге және жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамауына байланысты халық пен бизнесті толғандыратын көкейкесті мәселелер енгізілген.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы агенттіктің жұмысын күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Предыдущая запись
Қостанайда мыңнан астам адам жабылып іздеген 5 жасар қыздың өлі денесі табылды
Следующая запись
ШЫМКЕНТ: БИЫЛҒЫ ЖОСПАР — 102 КӨШЕ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню