321
Шымкентте Қазиев және Шынар көшелерінің қиылысынан жас жігіттің мәйіті табылды. Оқиға 26 шілде күні орын алған. Бұл туралы полицейлерге куәгерлер хабарлаған. Қазіргі таңда «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс тіркелді.
«Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелді. Мәйітке сот-медициналық сараптама тайғайындалды. Жүргізілген жедел іс-шараларының нәтижесінде 2005 жылы туылған азамат күдікті ретінде ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-деді Полиция департаментіндегілер.
Оқиға куәгерлерінің мәліметінше, 2005 жылы дүниеге келген жігіт төбелес кезінде қайтыс болған.