Наркоздан кейін оянған науқастың ән салғаны көпшілікті күлкіге қарық қылды

Теги: ,
436

Операция сәтті өтіп, наркоздан кейін есін жиған науқастың әрекеті желі қолданушыларына күлкі сыйлады. Басым көпшілігі өздерінің бастарынан өткерген оқиғаларын бөлісіп, науқасқа шипа тіледі.

Наркоздан кейін оянған науқастың видеосы ТікТок-та пайда болды. Видеоға операциядан кейін есін жиған інісінің ән айтқаны туралы жазылған.

Бейнежазбада аурухана кереуетінде жатқан науқастың ән салып жатқанын байқауға болады. Оны көрген желі қолданушылары мұндай жағдай қалыпты екенін айтып, өз оқиғаларымен бөлісті.

«Мен наркоздан кейін оянғанымда «Сұлтан Сүлейманды шақырыңдар» деппін сандырақтап. «Сен кімсің?» деп сұрағандарға «Хюррем хатунмын» деген екенмін», «Мен медицина қызметкерлерінің бәріне «директор боласыңдар, өзім қоямын» деппін», «Мен Құран оқып, дәрігерлердің дүниеден өткен туыстарына дұға етіппін ғой», «Бізде бір бала операция үстелінде Қазақстанның Әнұранын айқайлап айтқан», «Ал мен сиырдың етін сатамын деген екенмін», «Мен наркоздан соң «Путин мен Ердоғанның туысқандарымын, өзім Тоқаевпын» деп қуған екенмін» деп жазды желі қолданушылары.

Предыдущая запись
ЕGov mobile қосымшасында енді деректерді тіркеу жеңілдей түсті
Следующая запись
Из крепости Tomiris в Алматы сделают музыкальный город

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню