462
Орал қаласының іргесіндегі жазғы демалыс лагерінде тынығып жүрген үш қыз аяқ астынан өзін жайсыз сезінген. Осылайша 15 және 16 жастағы үш жасөспірім модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіліпті. Дәрігерлер оларға «өткір гастроэнтероколит» диагнозын қойып отыр.
— Лагерьдегі бірнеше бала туған күнін атап өткен. Осы басқосуда балалар қарбыз, торт жеген. Бірақ олардың ішінен тек үш қыздың ғана денсаулығы нашарлапты. Қазір жағдайы қанағаттанарлық деуге болады. Осыны ескерген дәрігерлер оларды ауруханаға жатқызуға себеп жоқ деп санады, — дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.