366
Бұл туралы Нұр-Сұлтанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының басшысы мәлімдеді. 2022 жылдың бес айында 22 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды.
«Жобаны жүзеге асыруға бюджеттен барлығы 7,2 млрд теңге қарастырылған. Біздің мақсатымыз – халықты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санын азайту», — деді Мұрат Әйтенов.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлінді (2021 жылы – 3,7 млрд теңге).
«Бақытты жанұя» орталығында 7062 көп балалы анаға әлеуметтік қолдау көрсетілді.