Түркістан облысының тұрғыны онлайн-банкинг арқылы 8 млн теңгеге алаяқтық жасаған

Теги: ,
422

Полицияға Шымкент қаласындағы банк қызметкерлерінің бірінен өтініш-хат келіп түскен. Хатта өткен жылдың маусым айынан қыркүйекке дейін белгісіз тұлғалар банкке 8 миллион теңгеден астам мөлшерде залал келтіргені көрсетіліпті.

Департаменттің дерегінше, алаяқтар интернет-банкинг арқылы жоқ тауарларды сататын бірнеше онлайн-дүкен ашқан. Артынша сол дүкендерден ірі сомаға сауда жасап отырған. Жеке кәсіпкердің шотына ақша түскен сәтте олар қаржыны дереу қолма-қол шешіп алып, сатып алынған тауарды қайтаруды жүзеге асырған. Үш айдың ішінде күдіктілер дәл осындай әдіспен 9 алаяқтық жасап үлгерген.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі «бірнеше рет жасалған алаяқтық» бойынша тіркеді. Хатты алған сәтте жедел уәкілдер алаяқтардың жеке басын анықтау және ұстау мақсатында іздестіру жұмыстарын бастады. Үздіксіз жүргізілген іздеудің нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсіп, жалған кәсіп иелері мен жалған сатып алушыларды анықтады. Куәгерлердің айтуынша олардың ортақ танысы телефон арқылы интернет-сауда жасауды жиі өтінген. Нәтижесінде полицейлер күдіктіні қала аумағында ұстап алып, полиция басқармасына жеткізді. Жас жігіт, Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ, ол өз кінәсін толық мойындады. Заңға сәйкес аталған қылмысты жасағаны үшін азамат 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Предыдущая запись
Атырау қаласын көбелек құрты қаптауы мүмкін
Следующая запись
Ақтөбе: анасын өлтірді деген күдікпен ұсталған 16 жастағы қыздың ісі сотқа жіберілді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню