429
Өткен жылы Атырау облысы бюджетінің шығындары 473,9 миллиард теңгеге жоспарланса, соның 472,9 миллиард теңгесі жұмсалыпты. Әсіресе, қазына қаржысы Атырау қаласы мен Жылыой ауданында игерілмей қалған. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болды. Депутаттар республикалық бюджетке қайтарылатын қаржының көлемі жыл сайын көбейіп бара жатқанына алаңдаулы.
«Соңғы 4 жыл ішінде бюджеттік алып қоюлар көлемі 93,1 миллиард теңгеден 221,3 миллиард теңгеге дейін өсті»,- дейді халық қалаулылары. Сондықтан қаржыны уақытында және мақсатты игеруді қадағалауды ұсынды.