Жедел уәкілдер Сарыағаш ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде оның ауласынан 2 400 түп есірткіге ұқсас өсімдікті айғақты зат ретінде алып, сараптамаға жіберді. Зерттеу қорытындысына сәйкес ол, жалпы салмағы 47 келі болатын «көкнар» болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 300-бабымен «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу істің толық мән-жайын және күдіктінің үйде есірткі заттарын қандай мақсатта өсіргенін анықтайды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында Түркістан облысының аумағында полиция қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Оның мақсаты есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы деректерін анықтау, есірткіні жеткізу арналарын жабу және құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру және дайындау фактілерінің жолын кесу болып табылады.