Түркістан облысы: ер адамды бопсалаған жас жігіт 3 жылға сотталды

Теги: ,
601

Полицияға арызданған Сарыағаш ауданының тұрғынын белгісіз біреу бопсалап, ұялы телефонын тартып алған. Жәбірленушінің айтуынша, оның араласып жүрген қызы қонақ үйге шақырған. Содан екі жас бөлмеде болған кезде, бөгде ер адам кіріп келіп: «менің сүйген қызыма зорлық көрсеттің, сотталып кеткің келмесе 1 апта ішінде 500 000 теңге әкел» деп қорқытқан.

Онымен қоймай бейнетаспаға түсіріп, талап еткен қаражатты әкелмесең, таратып жіберемін деп, жеңіл дәрежелі дене жарақатын салып, ұрып-соққан. Сондай-ақ қолындағы «Samsung S9» маркалы ұялы телефонын тартып алып, ақша әкелгенде аласың деп бопсалаған. Аталған жайтты полицейлер бірден ҚР ҚК-нің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша тіркеуге алды.

«Аталған істі Сарыағаш АПБ-нің аға тергеушісі полиция майоры Тимур Момбеков жүргізіп, күдіктінің қылмыстық іс-әрекетін дәлелдеп шықты. Сонымен қатар жас жігіттің бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасап, 26.12.2019 жылы Қазығұрт аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын алғаны белгілі болды. Яғни күдікті жазасын өтеп болмай жатып, қайта қылмыс жасаған. Полицейлер жинақталған іс құжаттарды айыптау актісімен сотқа жолдады. Нәтижесінде 23 жастағы жігіт ҚР ҚК-нің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша кінәлі деп танылып, Сарыағаш аудандық сотының шешімімен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», — деді Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлнәр Әбдірахманқызы.

Предыдущая запись
«Пәтер алып беремін»: 21 шымкенттікті алдаған азаматша 4 жылға сотталды
Следующая запись
«Шымкент барысы – 2022» турнирінің жүлдегерлері анықталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню