Атырау облысы: Бүгіннен бастап Қашаған кен орнының теңіз және құрлық кешендеріндегі өндірістік нысандары жұмысын тоқтатады

Теги: ,
288

Бұл туралы NCOC компаниясы баспасөз қызметі хабарлады. Оның себебін жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты деп түсіндірді.

«Жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу — анағұрлым маңызды іс-шаралардың бірі және ол бірнеше жылда бір рет нормативтік талаптарға және өндірістік қажеттіліктерге сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндірісті қысқа кезеңге толық тоқтатуды көздейді»,- деген хабарламада. Компания көлемі 2 млн адам-сағаттан асатын ауқымды жұмыстарды 45 күн ішінде орындау жоспарланып отыр.

Айта кетейк, Қашаған кен орны соңғы онжылдықтарда ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып есептеледі. Оның өндірілетін қорлары бағалау бойынша 9-13 миллиард баррель мұнай аралығында. Қашағанда коммерциялық өндіру 2016 жылғы күзде басталды.

Предыдущая запись
Ақтөбе: 9 жастағы бала ескі элеваторда ойнап жүріп, құлап кетті
Следующая запись
Лес горит в Восточном Казахстане

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню