Ақтөбе облысы: Мұғалжар ауданындағы “Темір көпір” бекетінің тұрғындары Президенттен жаңа мектеп салып беруді сұрайды.

Теги: ,
368

Темір жол бойында тұрған нысан — “Темір көпір” бекетінің балалары оқитын мектеп. 1938 жылы салынған ғимарат бұрын вокзал болған. Қазір жартылай мектеп, жартылай медициналық бекет.

Мектепте бастауыштың 26 баласы оқиды. Екі сынып бөлмесі, директор отыратын шағын кабинет пен мұғалімдер бөлмесі бар. Кітапхана, асхана және спорт залы атымен жоқ. Есесіне, барлық бөлмеге бейнебақылау камерасы қойылған.

Сынып бөлмелерінде пеш жағылады. Балалар ыстың иісімен демалып, сабақ оқиды. Бастауышты бітірген ұл-қыздар әрі қарай көрші ауылдағы мектеп-интернатта жатып, оқуға мәжбүр.

Мектеп апатты деп танылған. Алайда, сабақтар тоқтаған жоқ. Балаларының қауіпсіздігіне алаңдайтын тұрғындар ауылда жаңа мектеп салынса дейді.


Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Ғайни Нұрсұлтанованың айтуынша, мектеп салу үшін 2018 жылы сметалық жобасы жасалып, қаржы бөлінген. Тендер өтіп, құрылыс 2019 жылы басталуы тиіс болған. Бірақ, әлі күнге дейін мектептің іргетасы да қаланбаған. Себебі, құрылыс компаниясы материалдың қымбаттағанын айтып, қосымша қаржы сұратты, — деді білім бөлімінің басшысы.

Қазір мектеп сметасын облыстық қаржы басқармасы қайта есептеп, қосымша қаржы бөлу жайын қарастырып жатыр. Аудан басшылығы мәселе шешілгенше, балаларды басқа ғимаратта оқыта тұру үшін ауылда бос тұрған үйлерді қарап шығыпты. Алайда, бекет халқы ұл-қыздарын “үй сияқты мектепте оқытпаймыз, жаңасы салынғанша сабаққа жібермейміз”, — деп отыр.

Предыдущая запись
Орал: Кафеде соққыға жығылған әйелдердің жағдайы қалыпты – БҚО денсаулық сақтау басқармасы
Следующая запись
Түркістан қаласының тұрғыны жол ережесін өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню