Ақтөбе: жылыжайда қарасора өсірілген

Теги: ,
310

Жылыжай мен заманауи техникамен жабдықталған ескірткі зертханасын қала маңындағы саяжайлардың бірінде 48 жастағы тұрғын ашқан. Жайқалып өскеніне қарағанда өсімдіктің күтімі жақсы болған. Ал, саяжай иесі оны өсірудің қыр-сырын терең меңгерсе керек. Ол полицияға шөпті өзім үшін өсірдім деп түсінік берген. Тұқым мен қажетті техниканы интернет дүкендерден сатып алғанын айтқан. Жылыжайдан бөлек, зертханада қарасораны өңдейтін арнайы бөлме бар.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары зиянды өсімдікті түгел жұлып әкетті. Полицияның ақпараты бойынша 400 грамнан асатын есірткі заты сараптамаға жіберілген. Ал, жылыжай қожайыны қамауға алынып, қазір тергеліп жатыр. Оның бар мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Предыдущая запись
Шымкентте 9 жаңа инвестициялық жоба таныстырылды
Следующая запись
Орал: Шенеунікке 134 млн теңге пара берген күдіктінің үйіне жіберілуі мүмкін

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню