352
Түркістан қалалық соты «Turkistan Invest» Инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік агенттігі» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Ахмет Ержановқа 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан ақпаратқа сүйенсек, ол «Композит Групп Казахстан» ЖШС басшылары С. Конусов пен А. Гомаюмовты алдау жолымен 2 млн теңге иемденгені және Түркістан облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына тракторларды жеткізу бойынша Мемлекеттік сатып алулар конкурсының жеңімпазы деп танығаны үшін пара беруге айдап салғаны үшін кінәлі деп танылған.
Ержанов жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз түзеу мекемесінде өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.